Колледж жаңалықтары

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне және Кеңес Одағының Батыры И.И.Коняхинді еске алуға арналған пневматикалық қарудан ату спортынан қалалық жарыста 1б РШФ тобы студенті Сапов Александр жүлделі І орынды иеленді.

18-20 желтоқсан аралығында самбо күресінен 2000-01ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы БҚО-ның чемпионатындағы 70 келі салмақ дәрежесінде 1б КШК тобы студенті Набиулла Айзада І орынмен марапатталды.

 

29 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10.00-де 9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жесқорлықпен күрес» күніне орай «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты бастаманы қолдау мақсатында колледжде «Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында студенттерге қоғамға, мемлекетке, жеке тұлғаға зиян келтіріп отырған сыбайлас жемқорлық, парақорлықтың зияндылығы туралы және өскелең ұрпақты отбасында, ұжымда, топта парақорлық жағдайларының алдын алу, зиянды әрекеттерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құңдылығына тәрбиелеп, шығармашылық жұмыстар арқылы азаматтық көзқарасын, саяси санасын қалыптастырутуралытүсінік берілді. Соңынан студенттердің қатысуымен «Алға, Қазақстан!» атты  флешмобты Арбат бойында бастап, колледж аудиториялары мен дәлізде аяқтады.

2017 жылдың 21 қараша күні ОЖШСМ спорт залында шағын футболдан ұлдар арасында БҚО колледждер Лигасына Орал гуманитарлық-техникалық колледж құрама командасы қатысып І орынды жеңіп алып, 2 жыл қатарынан осы жарыстың чемпиондары атанды, сонымен қатар команда жетекшісі А.Қ. Қайбалиев «Үздік жаттықтырушы» деген атпен марапатталды. 

 

2017 жылдың 9 қараша күні «Арман» спорт кешенінде волейболдан ұлдар арасында колледж лигасының облыстық кезеңіне Орал гуманитарлық-техикалық колледж құрама командасы қатысып ІІІ орынды ие болды. Команда жетекшісі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы С.Т.Газизов, команда мүшесінің ойыншылары:Амангелді Азатбек 1аКШФ, Тулегенов Даурен 1аКШФ, Муликов Жанедил 1кбКШФ, Сабитов Мерлан 1бКШФ, Тельманов Әлішер (1бКШФ), Қадырбаев Бақтияр 1бКШФ, Оңалбаев Рафхад 1кбКШФ, Жұмабаев Ерназ 1кбКШФ, Германов Денис 2бРШФ, Зинин Владислав 2вРШФ.

FaLang translation system by Faboba