College news

17 сәуір күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Батыс Қазақстан облысының техникалық жәнекәсіптік білім беру ұйымдары басшылары директорларының қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жол картасы бойынша кеңес өтті. Батыс Қазақстан индустриалды, А. Иманов атындағы жол- көлік колледжі директорлары есеп берді.

13 сəуір сенбі күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы мен студенттері кезекті қалалық сенбілікке шықты. Советская көшесі мен Орал-Оренбург тасжолы қиылыстарын қоқыстардан тазалап, облыс, қала əкімдерінің қатысумен көшет отырғызу жұмыстарын жүргізуде үлкен белсенділік танытты.

11.04.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледждің жастар ісі жөніндегі менеджері А.А.Алиева және бір топ колледж белсенді студенттермен бірге ӨРКЕНИЕТ «SMART IDEAS CLUB» сананы өзгертуші идеялар бейресми зияткерлік алаңына Рухани жаңғыру бағдарламасының 6 принципі бойынша (бәсекеге қабілеттілік, прогматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы) яғни сананың ашықтығы негізінде белсенді азаматтардың басын қосу, бір-бірімен танысу, іскерлік тәжірибе алмасу бағытында келген спикерлер еркін сұхбат айдарына қатысты.

09.04.19 күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін «Хабар» телеарнасынан Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ұстаздар ұжымы және жоғарғы курс студенттері тікелей эфирден тыңдады.

FaLang translation system by Faboba